Тоқаев және Орталық Азия елдерінің президенттері F1H2O чемпионатын ашты

Тоқаев және Орталық Азия елдерінің президенттері F1H2O чемпионатын ашты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне судағы жарыстарға арналған болид таныстырылды.


Бұдан соң Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары бір мезгілде символикалық тетікті басып, су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының "Қырғызстан Республикасы – Ыстықкөл 2026 гран-при" кезеңін ресми түрде ашты.

зрителиАқорданың баспасөз қызметінің фотосы

Иссык-КульАқорданың баспасөз қызметінің фотосы

Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Жарыстарға БАӘ, Аустралия, Канада және басқа елдердің намысын қорғайтын 8 команда мен 18 спортшы қатысып жатыр.

Қырғызстанда алғаш рет өткізіліп жатқан сайыс республика тарихындағы ең ірі халықаралық спорттық-мәдени іс-шара саналады.

Еске салайық, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға барды. Онда Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері мен Әзербайжан басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысты. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Әзербайжан президенттері қатысты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget