Мемлекет басшысы Қазақстанның Грузиядағы жаңа тағайындалған елшісі Мәлік Мырзалинді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Президент Грузиямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәлік Мырзалинге екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық қатынастарды жандандыру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!