Тоқаев жаңадан пайдалануға берілген өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

Тоқаев жаңадан пайдалануға берілген өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты
Фото: Видео кадры

Құтқарушылар күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада жаңадан пайдалануға берілген №23 өрт сөндіру бөліміне барып, жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент құтқарушыларға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалатынын жеткізді.

Ал өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Еркебұлан Оразбаев барша құтқарушы атынан Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан