Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру, бапкерлер құрамын күшейту, саланы ғылыммен ұштастыру бағытында міндет жүктеді.
Президент министрден биыл маусым айында өткен Туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалары бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін айтты.
Еске салайық, бұған дейін жаңа министр Ербол Мырзабосынов туралы не белгілі екенін жазған едік.
Күні кеше тағайындалған Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бүгін Үкімет отырысында ант берді.
Мырзабосыновтың жасы 40-та, 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келіпті. Үйленген, Әлихан және Әмина есімді екі баласы бар. Семей мемлекеттік педагогикалық институтында оқыған, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін де бітіріп алған, Ербол спортта ғана емес, шыңдарды саясатта да бағындарғысы келгені анық, кейін ол Қазақ спорт және туризм академиясын тәмәмдаған - көшбасшы ретінде қалыптасуының іргетасы осы кезде қалана бастаған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!