Тоқаев жаңа Қорғаныс министріне нақты тапсырмалар жүктеді

Тоқаев жаңа Қорғаныс министріне нақты тапсырмалар жүктеді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Даурен Қосановты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын күшейту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің әлеуетін арттыру, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін көтеру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салайық, бүгін Қазақстан Президенті Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі қызметінен босатып, оның орнына Даурен Қосановты тағайындады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget