• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Тоқаев Израиль Парламенті спикерін қабылдады

Тоқаев Израиль Парламенті спикерін қабылдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Израиль Мемлекеті Кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды.

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын қарастыру тұрғысынан бұл сапардың мәні зор деп санайды. Кездесуде сауда-экономикалық серіктестікке баса назар аударылды.

Сонымен қатар, су ресурстары саласындағы кооперация мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Израильде жасалған озық технологияларға жоғары баға беріп, еліміз бұл бағытта серіктестік орнатуға әзір екенін растады.

Амир Охана қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Ол екі елдің көпжоспарлы байланыстарының табысты дамып, ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып келе жатқанына тоқталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget