Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелланы елорда әуежайынан шығарып салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, 29-30 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Италия президенті Серджо Маттарелла елімізге ресми сапармен келді.
Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!