Тоқаев Италия министрлер кеңесінің төрағасын Астанаға шақырды

Қазақстан Президенті Италия министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" алаңында Италия министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын айтты.

Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!