Мемлекет басшысы Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев король VI Фелипені туған күнімен құттықтады. Президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен.
Сондай-ақ, ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова