Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы жағдайға байланысты шұғыл жоспар дайындауды тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылым тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті.
Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста қалыптасып жатқан жағдайды ескере отырып, тиісті шараларды қарастыру тапсырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!