Тоқаев Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды. Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget