- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев: Иран азаматтарына...
Тоқаев: Иран азаматтарына 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат береміз
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ирен азаматтары үшін 14 күнге визасыз режим енгізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Тегеранға ресми сапары аясында маңызды шешімін жариялауға ұйғарым жасағанын айтты.
"Біз Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат береміз. Бұл түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, іскер топ өкілдерінің байланысын жандандырады. Барыс-келіске тың серпін беріп, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Иран кәсіпкерлері осы жеңілдікті кеңінен қолданады деп сенемін", – деді Тоқаев.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына ресми сапармен баратыны хабарлаған еді.
Тоқаев ресми сапары барысында әріптесімен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
G. Dosymshalova