Мемлекет басшысы Ирак Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады. Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастық одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова