Тоқаев Иордания королін құттықтады

Тоқаев Иордания королін құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иорданияның төл мерекесі – корольдің таққа отырған күнімен құттықтады.  

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.  

Президент корольдің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иордания халқына құт-береке тіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget