Тоқаев Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Джоко Видодоны Индонезияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

Президент Индонезияның әлеуметтік-экономикалық бағыттағы зор жетістіктерін атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін жеткізді. 

Мемлекет басшысы Президент Джоко Видодоның барлық игі бастамасына табыс, ал достас Индонезия халқына бақ-береке тіледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина