Мемлекет басшысы 28 қазандағы жыл сайынғы Жолдауында жарияланған "Халықтық құрылыс" бағдарламасын іске асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды қажет деп санайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді.", - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Бұл туралы ол Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Мемлекет басшысы келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.
"Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге белсенді түрде кірісеміз. Жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеру керек екенін атап өтті. Тұрғын үй салу маңызды міндет болып қала береді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!