- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев халықаралық саяси...
Тоқаев халықаралық саяси ахуал туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық саяси ахуал туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Еуразия құрлығының қақ ортасында бола отыра қазіргі халықаралық жағдай бойынша біздің ұстанымымызды тағы да атап өткім келеді. Бүгінде әлемде бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс байқалады, шиеленіс шегіне жетті. Планетаның әртүрлі бөліктеріндегі саясаткерлер мен сарапшылар ядролық қаруды қолдану қаупін байыпты талқылайды.
Естеріңізге сала кетейін, Семей ядролық полигонындағы соңғы жарылыстан бері 33 жылға жуық уақыт өтті. Бұл аймақтың тұрғындары қырғи қабақ соғыс кезіндегі ядролық қару жарысының барлық ауыртпалығын бастан өткерді. Жақында бұл туралы Нью-Йорктегі БҰҰ-ның биік мінберінен айттым", - деді Президент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина