Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдады

Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.

Мемлекет басшысы ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін айтты.

Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде ұйымға мүше барлық елдің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды.

Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.

Наталья Бочарова ұйым қызметіне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы даму жоспары туралы мәлімет берді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget