Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілеме жасап.

Мемлекет басшысы Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалады.

"Бұл – Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын!" – деп жазды Президент.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget