- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Гвинея-Бисау президентін...
Тоқаев Гвинея-Бисау президентін Қазақстанға шақырды
Фото:
Ақорданың баспасөз қызметі
Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгімелесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы қарым-қатынастың даму перспективасын талқылады.
Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Умару Сисоку Эмбалоны өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан