Мемлекет басшысы Грузия президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилимен кездесті. Тараптар қазақ-грузин қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын қарастырды.
Мемлекет басшысы Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын, өзара ықпалдастыққа тың серпін беруге дайын екенін растады. Президенттер ынтымақтастық қарқын алғанына мән беріп, сауда-экономикалық байланыстарды арттыру қажеттігін айтты.
Кездесуде бірлескен инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, іскер ортаның аясын кеңейту, сондай-ақ, екі елдің көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері пысықталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Кавелашвили жаһандық және өңірлік күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз