Тоқаев Грекия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуласты Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Қазақстан мен Грекия арасындағы достық пен өзара ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор  екенін атап өткім келеді. Болашақта да сан қырлы ынтымақтастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін беки түседі деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуластың аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал Грекия халқына құт-береке тіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!