Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз.
Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!", – деп жазды Президент Instagram-парақшасында.
Еске салайық, Қазақстан XXI ғасырда грек-рим күресінен алғашқы алтын алды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз