- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Glencore компаниясының...
Тоқаев Glencore компаниясының бас директорымен кездесті
Фото:
Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.
Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды.
Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина