Тоқаев Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты

Президент ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Дәуренбекұлы кәсіби біліктілігі мен қажыр-қайратын ел мүддесін қорғау мен тұрақтылығын нығайтуға арнағанын атап өтті.

Сонымен қатар, оның мемлекеттік саясатты ілгерілетуге және ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыруға айрықша атсалысқанына тоқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!