Қасым-Жомарт Тоқаев Германиядағы Bellevue резиденциясына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары жалғасып жатыр.
Мемлекет басшысы Bellevue резиденциясына барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер қарсы алды", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!