- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Германия канцлерімен...
Тоқаев Германия канцлерімен өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Канцлері Олаф Шольцпен кездесті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың хабарлауынша, Германияға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Федералдық канцлер Олаф Шольцпен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді.
Келіссөз барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-герман байланыстарын одан әрі кешенді түрде нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.
Екі ел басшылары ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, "жасыл энергетика" және басқа да салалардағы ықпалдастықты жандандыруға уағдаласты.
Президент пен канцлер өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ жоғары деңгейде өтетін "Орталық Азия – Германия" кездесуінің күн тәртібін талқылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан