Тоқаев ғалымдар мен ұстаздарды наградамен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  1. Отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" КеАҚ вице-президенті Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевқа тапсырылды;
  2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені Алматы қаласы, №4 арнайы мектеп-интернат КММ мұғалімі Гүлжанар Молдакерімқызы Нұрпейісова және Орал қаласы, Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия КММ мұғалімі Эльмара Асқарқызы Траисоваға тапсырылды;
  3. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз Қарағанды облысы, "Шахтерское" ЖШС директоры Георгий Георгиевич Прокопқа тапсырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!