Тоқаев ғалым Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айтты

Тоқаев ғалым Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айтты
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Президент Мемлекеттік сыйлықтың, "Парасат" және ІІ, ІІІ дәрежелі "Барыс" ордендерінің иегері Жабайхан Әбділдин дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Жабайхан Мүбәрәкұлы философия ілімінің өрісін кеңейткен, күллі ғылым қоғамдастығына танымал ғалым, ұлтжанды тұлға еді. Ұстаздық жолында сүбелі еңбектер жазып, зерделі шәкірттер тәрбиеледі. Ел егемендігін нығайтуға елеулі үлес қосып, іргелі істерге белсене атсалысты", – деп жазылған жеделхатта.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget