Президент Францияға ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы француз іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!