Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барды

Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.

Ертең Елисей сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан