- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Николя Масты қабылдады
Тоқаев Франциядағы атом өнеркәсібінің көшбасшысы - Orano S.A. президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Orano S.A. компаниясының президенті Николя Масты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Orano S.A. компаниясының Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуда әлеуеті зор екеніне назар аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы аталған серіктестік елімізде жоғары технологияны ілгерілетуге, сонымен қатар Францияны қауіпсіз әрі сенімді табиғи уранмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кездесуде ғылыми-техникалық, сондай-ақ сирек кездесетін металл өндіру мен өңдеу саласындағы қазақ-француз стратегиялық серіктестігін нығайту перспективалары талқыланды.
Orano S.A. - халықаралық ірі өнеркәсіп компаниясы, Франциядағы атом өнеркәсібінің көшбасшысы. Былтыр компанияның кірісі 4,8 миллиард еуро болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан