- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция сапары туралы пікір білдірді
Тоқаев Францияда көрсетілген ыстық ықыласқа ерекше тәнті болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция сапары туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Францияға мемлекеттік сапарым кезінде көрсетілген ыстық ықыласқа ерекше тәнті болдым. Мазмұнды келіссөздердің қорытындыларын жоғары бағалаймын. Маған және барша Қазақстан халқына білдірген құрметі үшін Президент Макронға шынайы алғысымды айтамын. Франция көшбасшысын келер жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырдым", - деп жазды Мемлекет басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Франция президенті Эмманюэль Макрон X әлеуметтік желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне орай қазақша жазба жариялаған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан