Мемлекет басшысы Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды ұлттық мереке – Бастилияны алу күнімен құттықтады. Президенттің айтуынша, бұл күн француз халқының бірлігін және еркіндік пен теңдік қағидаттарына бейіл екенін айшықтайды.
Мемлекет басшысы Қазақстан Франциямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, қазақ-француз байланыстарының кеңеюіне Эмманюэль Макрон айрықша үлес қосқанын айтты.
Президент Франция көшбасшысының жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас елдің халқына бақ-береке тіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова