Мемлекет басшысы Франция президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!