Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.
Тоқаев сонымен бірге "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға да қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!