Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Тараптар қазақ-еуропа стратегиялық серіктестігінің даму қарқынына көңіл толатынын атап өтіп, Мемлекет басшысының маусымда Брюссельге жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға айрықша назар аударды.
Айта кетейік, 23 маусымда Тоқаев Брюссельге сапармен барып, Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездескен еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz