Тоқаев Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент көрнекті өнер қайраткері, режиссер-сценарист, І дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері Есмұхан Обаев дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын киелі сахнаға арнаған театр тарланы, өнегелі өнер иесі еді. Ұлт руханиятын ұлықтап, отандық драматургия дамуына зор үлес қосты. Жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, мәдениет көкжиегін кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсады", – деп жазылған жеделхатта.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!