Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Армения премьер-министрімен сөйлеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
"Ертең, 11 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлеседі", - деді ол.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті. Онда ол Әлиевті қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы декларацияға қол қоюымен құттықтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!