Тоқаев ертең Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен сөйлеседі

Тоқаев ертең Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен сөйлеседі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Армения премьер-министрімен сөйлеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы  Руслан Желдібай мәлімдеді. 

"Ертең, 11 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлеседі", - деді ол. 

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті. Онда ол Әлиевті қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы декларацияға қол қоюымен құттықтады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget