Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Анкараға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия президентін ұлықтау рәсіміне қатысады.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 маусымда жұмыс сапарымен Түркия астанасы Анкараға баратынын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!