- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Ердоғанмен телефон...
Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында президенттер өзара сенім мен қолдауға негізделген екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.
Екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады, сондай-ақ, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.
Қазақстан мен Түркия президенттері биыл қарашада Астанада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитіне дайындық барысы туралы пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл жиын түркі елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін маңызды қадам болмақ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек