Тоқаев Ердоғанмен, Лукашенкомен және тағы басқалармен әңгімелесті

Тоқаев Ердоғанмен, Лукашенкомен және тағы басқалармен әңгімелесті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті БРИКС саммитіне қатысушылармен әңгімелесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының "БРИКС плюс"/"аутрич" форматына қатысушылар – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен, Беларусь президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия президенті әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан