• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget