Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағы апатқа ұшырауына байланысты көптеген адам қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, президент Режеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты.

Еске салайық, кеше Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында тікұшақ құлады. Ол түрік әскери тікұшағы болуы мүмкін екені айтылды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз