Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусымда жұмыс сапарымен Түркия астанасы Анкараға барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған шақырған.
Осы күні Мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, оны президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды биыл күзде түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!