Тоқаев Эмомали Рахмонмен кездесті

Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға "Орталық Азия - Ресей" саммитін, сонымен қатар, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!