Тоқаев елордадағы жаңа саябақтарды абаттандыру барысымен танысты

Тоқаев елордадағы жаңа саябақтарды абаттандыру барысымен танысты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы "Мыңжылдық" аллеясы мен Greenline желілік паркінің екінші кезеңіндегі абаттандыру жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Президентке Астана әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Мыңжылдық" аллеясын жүйелі дамытуды шұғыл қолға алу туралы тапсырманы 2023 жылы берген болатын. Жоспар бойынша аллея елорданың көркем жерлерінің біріне айналатын, кең әрі жайлы жасыл саябақ болуға тиіс еді.

Былтыр Президентке "Мыңжылдық" аллеясының ландшафтық мастер-жоспары таныстырылды. Сол кезде Байтұрсынов, Нұрмағамбетов, Нәжімеденов көшелері мен Тәуелсіздік даңғылының бойындағы желілік паркті, соның ішінде іргелес орамдарды абаттандырудың бірінші кезеңі басталды.

Биыл көктемде Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры мен "Нұрлы жол" вокзалының маңында жұмыстар басталды.

аллея Мынжылдык"Мыңжылдық" аллеясын абаттандыру. Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Мыңжылдық"Мыңжылдық" аллеясын абаттандыру. Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Greenline гүлзары сол жағалаудағы "Нұра" ауданында орналасқан. Былтыр мұнда 3,8 гектар аумақты қамтыған жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталды. Жоба жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын, сәулеттік элементтер мен жасанды тоғандарды қамтиды.

бульвар GreenlineGreenline гүлзарын абаттандыру. Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Greenline АстанаGreenline гүлзарын абаттандыру. Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget