Тоқаев елорда әуежайында Оман cұлтанын қарсы алды

Мемлекет басшысы Оман cұлтанын елорда әуежайында қарсы алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты күтіп алды.

Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан елордаға дейін Оман сұлтаны мінген бортпен қапталдаса ұшты.  

Мәртебелі мейман келуіне орай ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президент оркестрі сап түзеді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз