- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Елбасы туралы...
Тоқаев Елбасы туралы заңның күшін жойды
Қазақстанда Тұңғыш Президент – Елбасы туралы заңның күші жойылды. Тиісті заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2023 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан парламенті "Тұңғыш Президент – Елбасы" заңының күшін жою мәселесін қарады.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов заң күшін жойса, онда Тұңғыш Президенттің барлық иммунитеті толығымен жойылатынын айтты. Оған экс-президенттер туралы норма қолданылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан